Tinkoff қосымшалары

Барлық Tinkoff қосымшалары App Store‑дан жоқ болып кетті. Уайымдамаңыз: қосымшалар жұмыс істейді. Осы жерде жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.

Енді барлық Tinkoff өнімдерін қалай қолданамыз? Банкінің қосымшалары істей ме?

Егер қосымша орнатылған болса, бәрі жақсы: ол ойдағыдай жұмыс істейді. Қосымшаларды қалай жаңартады

Егер сіздің iOS‑та қолданылмаған қосымшаларды автоматты түрде жою тұрса, оны өшіріңіз:

  1. «Реттеулерді» басып, тізімде App Store‑ды табыңыз.
  2. Экранды төмен түсіріп «Ашылмағандарды шығару» тумблерін өшіріңіз.

Сізде қосымша жоқ болса, мына нұсқаны оқыңыз.

Оған қоса, Tinkoff‑тың барлық қызметтерін tinkoff.ru сайтындағы жеке кабинетте қолдануға болады. Жеке кабинетке қалай кіреді

Tinkoff қосымшасын iPhone‑ға қалай жүктеп алады?

Егер сіз қазір ғана Tinkoff картасын ашқан болсаңыз, біздің өкіл жақында сізге құжаттарды жеткізіп, кездесуде қосымшаны орнатуға көмектеседі.

Кездесу болмаса, смартфон браузері арқылы tinkoff.ru сайтындағы жеке кабинетке кіріңіз де, Tinkoff белгішесін басты экранға орнатыңыз. Жеке кабинетке қалай кіреді

Android‑тағы қосымшамен не болады?

Бәрі жұмыс істейді — қосымшаны жоюдың себебі жоқ. Егер сізде Android құрылғысы болса, біздің қосымшаларды Google Play‑ден жүктеп ала аласыз.

iOS‑та қосымшаларды қалай жаңартады?

Қосымшаның жаңа нұсқасының орнына tinkoff.ru сайтындағы жеке кабинетті уақытша қолдануға болады және де оның белгішесін басты экранға қоюға болады.

tinkoff.ru сайтындағы жеке кабинетке қалай кіреді

Tinkoff жеке кабинетінің белгішесін iPhone‑ның басты экранына қалай қосады

Мен Tinkoff картасын аштым, маған өкілмен қалай кездесуге болады және қосымшаны қалай жүктеп аламын?

Өкіл сізбен байланысып, уақыт пен кездесу орнын нақтылайды.

Кездесу барысында өкіл жаңа клиенттерге қосымшаны орнатуға көмектеседі.

Менде Tinkoff қосымшасы жоқ. Қолдаумен қалай байланысуға болады?

tinkoff.ru сайтындағы жеке кабинеттегі чат арқылы немесе 8 800 555‑777‑8 телефоны бойынша.

Барлық телефондар тізімі

Менде тек бір Tinkoff қосымшасы бар, ал маған тағы біреу керек — мысалы, Тинькофф Инвестиций (Инвестициялар). Не істеуге болады?

Смартфон браузері арқылы tinkoff.ru сайтындағы жеке кабинетке кіріңіз де, Tinkoff белгішесін басты экранға орнатыңыз. Жеке кабинетке қалай кіреді

Tinkoff қосымшасы жүктелмесе, не істеймін?

Қосымшаның баламасы ретінде жеке кабинетті қолдануға болады — Tinkoff‑ті әдеттегідей қолдануға мүмкіндік береді. Телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіңіз.

Tinkoff‑та түрлі жеке кабинеттер бар:

Tinkoff.ru сайтындағы жеке кабинетке қалай кіреді?

Телефон нөмірі бойынша кіруге болады. Ол үшін tinkoff.ru сайтына кіріңіз де, жеке кабинетті таңдап (Банк, Бизнес, Инвестиции немесе Мобайл), экранның жоғарғы оң бұрышында «Кіру» басыңыз:

  1. Өтінімді рәсімдегендегі телефон нөмірін енгізіңіз.
  2. Телефонға растау коды бар СМС келеді — оны келесі экранда енгізіңіз.
  3. Жеке кабинетке бірінші рет кіргенде орнатқан құпиясөзді енгізіңіз. Құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, «Құпиясөз есімде жоқ» басып, нұсқаулықты қолданыңыз.
  4. Дайын. Жеке кабинеттің белгішесін смартфонның экранына қосу үшін tinkoff.ru сайтына мобильді телефон арқылы кіріп, «Бөлісу» батырмасын басып, мәзірде «басты экранға» таңдаңыз. Әртүрлі құрылғыларда қосу тәсілі өзге болуы мүмкін.

Tinkoff‑та түрлі жеке кабинеттер бар:

Tinkoff жеке кабинетінің белгішесін iPhone‑ның басты экранына қалай қосады?

Нұсқаулықты қолданыңыз:

  1. Мобильді телефондағы Safari браузері арқылы tinkoff.ru сайтына кіріңіз.
  2. «Поделиться» белгішесіне басып, мәзірде «На экран „Домой“» таңдаңыз.

Джуниор картасы бар балалардың iPhone‑дағы Tinkoff қосымшасымен не болады?

Балалар бұрыннан жүктеп алған қосымшаны пайдаланып, картамен ойдағыдай төлей алады.

Егер Tinkoff қосымшасы баланың iPhone-нында орнатылмаған болса, барлық операцияларды өз қосымшада немесе жеке кабинетте ата‑аналар орындай алады. Балалар үшін шешім іздеу барысындамыз.

Тинькофф Подпись (Tinkoff Қол қою) қосымшасымен не болады?

Android құрылғыларындағы қосымшасында бәрі жақсы: оны бұрынғыдай жүктеп алуға және пайдалануға болады.

Егер сізде iPhone болса және қосымша орнатылған болса, оны әдеттегідей қолдана аласыз. Қосымша жоқ болса, оны уақытша жүктей алмайсыз — біз ол мәселені жақында шешеміз.

Браузер Tinkoff жеке кабинетінің парақшаларын басқа тілге аудару үшін кіруді қалай баптау керек?

Ол үшін «Төлемдер» бөліміне аударатын белгішені сақтау керек. Нұсқаулықты қолданыңыз.

  1. Мобильді телефондағы Safari браузері арқылы tinkoff.ru сайтына кіріңіз.
  2. Жеке кабинетке телефон нөмірі бойынша кіріңіз, кіруді келген СМС кодымен растап, құпиясөзді еңгізіңіз.
  3. «Төлемдер» бөліміне өтіңіз. «Бөлісу» белгішесін басып, мәзірде «басты экранға» таңдаңыз. «Қосу» басыңыз.

Дайын! Енді жеке кабинетке кіргенде браузер парақшаларды автоматты түрде басқа тілге аудара алады.

Орын алған жағдайды қалай шешесіз?

Біз Apple компаниясымен қосымшаларды App Store‑ға қайтару жайлы келіссөз жүргізіп жатырмыз.

Әзірге бұғаттауға наразы болып тұрмыз, алайда біз баламалы жолды таптық: барлық операцияларды tinkoff.ru сайтында жеке кабинетте істеуге болады. Сондай‑ақ, Tinkoff мүмкіндіктерін ойдағыдай қолдану үшін мәселенін басқа шешімдерін іздеп жүрміз.

Получилось найти ответ?
Нет
Да